ка

6 шілдеде қанша адам ұсталды

09.07.2019 10:47
0
7

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Елорда күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митингілер болды

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтан және Алматыда болған митингілер кезінде ұсталған азаматтар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"6 шілде күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда полицейлер рұқсат етілмеген митингілерге қатысқаны үшін 100-ден астам адамды ұстады. Олардың ішінде 44 адам әкімшілік жазаға тартылды, 19 адамға әкімшілік арест салынды, 23 адамға айыппұл салынды. Басқа адамдар әңгімелескеннен кейін босатылды", - деді Тұрғымбаев журналистерге берген сұқбатында.

Тағы оқыңыз: Қару табылды: министрлік митингіге қатысты мәлімдеме жасады

Айта кетейік, 6 шілде күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митингілер болды. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, прокуратура органдарының ескертуіне қарамастан, кейбір адамдар тәртіп бұзып, заңға қайшы әрекет еткен.


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий