Музыканы кім шығарады?

0

Сабақтың мақсаты: 1. Композитор, ақын, орындаушы, жалпы музыка жөнінде ұғымын қалыптастыру.
2. Музыкалық талғамын ашу. Ән айту қабілетін, дауыс ырғағын жетілдіру
3. музыкаға, оқуға, білімге деген құштарлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі, әдісі: шығармашылық жұмыс. 

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Әр музыка сабағын музыка тыңдаудан бастаған тиімді. Музыка әуені баланың көңіл-күйі мен құштарлығын арттырады. 
«Сәлем мектеп» әнінің әуенімен бастаймыз. 
— Балалар не естідіңдер? (әуен бе, сөз бе?)
— Оқушылардың жауабын толық тыңдап болған соң, олардың ойын дамытатын сұрақ қоямыз (оқулықпен жұмыс)
— Қалай ойлайсың, музыканы кім жазады?(суреттер)
— Күйсандықта-композитор (Ол музыка жазады)
— Келесі суретте- Ақын ( Ол әуенге сөз жазады)
— Келесі суретте- орындаушы (әнді мәнеріне келтіріп орындайды)
Музыка әлемінде басты мамандық- композитор. Ол әр түрлі тақырыпта музыка жазады. Ал біз әнді, музыканы тыңдаймыз және орындаймыз. Сондықтан біз орындаушымыз.
Анықтама. Музыкалық дыбыстарға-ән,әуен,музыкалық аспаптардың дыбысы, күйлер жатады. Музыканы, ән мен күйлерді шығарып, оны көпшілікке тарататын адамды- композитор деп атайды.(анықтама түсіндіріледі)

Сұрақ-тапсырма
Композитор-күйсандық
Ақын-қалам,қағаз
Орындаушы-микрофон
Шығармашылық жұмыс. Көбелек атты көңілді музыка ойнатып қойып, суретін салғызамыз. Әдемілікке, әсемдікке, табиғатты қорғауға 
тәрбиелейміз.
Ритмика жаттығулары. 
1.«Ауладағы ең биік ағаш болайық, қолды барынша жоғары көтеріп, желдің «у-у-у-у» деп дыбысын ақырын шығарамыз.
2.жел ақырын соқты, ақырын қолдың басын қозғаймыз. Бірте-бірте жел күшейіп, дайысты қаттырақ шығарып,бел, денені қозғалысқа келтіреміз.
3. қолды төмен түсіріп, тырнақпен партаны тықылдатып жаңбыр дауысын шығарамыз
Кім жылдам, кім алғыр?(Суретті тест )
Суреттерді көрсету арқылы музыкалық дыбыстары анықтау.
Сабаққа ынталы балаларды бағалап, марапаттап, мадақтау арқылы басқада балалардың қызығушылығын арттырамыз.
1. Оның екі шегі бар, екі құлағы бар, мойны және шанағы бар?
А.домбыра
Ә.сыбызғы
Б.жетіген
2. өзінің сылдыраған үні бар, түсі мөлдір, үні музыкаға жатпайды?
А.тайтұяқ
Ә.кеме
Б.өзен
3.ол ысқышпен ойналады, мойны, шанағы бар?
А.домбыра
Ә.жетіген
Б.қобыз

4. ол көңілді, көңілсіз, вальс, балаларға да, үлкендерге де арналған әуен жазады?
А.орындаушы
Ә.ақын
Б.композитор
5. «етікші» әнінде қай аспап етікшіге жақын?
а.тайтұяқ
Ә.балға
Б.асатаяқ
Дидактикалық ойын.
«Шатастырмай, орнын тап»
Ойын шарты: оқушылардың барлығына топшамалар таратылады. (суреттер)
Домбыра, қобыз,күйсандық,жетіген сыбызғы дауылпаз, асатаяқ, сазсырнай, құс, балға, кітап, сыпырғыш, гүл, бұлт, су, терезе
Екі үлкен суреттер (домбыра, Қошақан)
Тақтаның алдында екі сурет бар. Музыкалық және шулы дыбыстар
Балалар қолдарындағы топшаманы өз орнына салуы керек. Қателескен оқушының қатесі түзетіліп отырылады. 
Ән «Етікші» орындалады. 
Сабақты бекіту.
— Мектепке қандай көңіл-күймен келдіңдер?
— «сәлем мектеп» әнінің музыкасын кім жазды?
— Композитор
— Сөзін жазған С.Мауленов кім
— Ақын
— Ал біз бүгін осы үйрендік, айтамыз, сонда біз кімбіз?
— Орындаушымыз
— Бүгінгі орындаған әндеріміздің көңіл-күйі қандай болды?
— Көңілді.
Үйге тапсырма:
Әндерді жаттау
Бағалау                                                                                  

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!