Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сатира. БІЗ НЕ ӨНДІРЕМІЗ?

Сатира. БІЗ НЕ ӨНДІРЕМІЗ?
Фото: ЖИ көмегімен жасалған.

Кабинетінде отырған директор тетікті басып еді, лып етіп хатшы қыз кірді. 

- Бас инженерді шақырыңызшы, - деді директор. 

- Қазір, Игорь Александрович, - деп хатшы қыз келген ізімен шығып кетті де, көп ұзамай жылдам басып бас инженер кірді.

- Сәлеметсіз бе, Игорь Александрович, - деді инженер кіргеннен елп етіп. 

- Сәлемет пе, Виктор Иванович, - деген директор инженерге тесіле қарады. - Айтшы, осы біз не өндіріп жатырмыз? 

Күтпеген сұрақтан сасқалақтап қалған инженер қапелімде не дерін білмей күмілжіді де қалды. 

- Түсінем, директор мырза... Дегенде сөзіңіздің жаны бар. Тауардың сан-алуандығы жағынан онша емеспіз. Сападан гөрі жоспарды орындауға көп мән беріп келдік... Бірақ...

- Тоқтай тұр, сен сөзді басқа жаққа бұрма. Мен сенен «біз қандай өнім өндіреміз?» деп сұрап тұрмын. 

- Әрине, өнімдеріміздің сапасы әлемдік стандартқа сай емес. Бірақ тауар жеткізушілер...

- Сен тағы да сұрақтан ауытқып кеттің. Мен сенен: «біз не өндіреміз?» деп сұрап тұрмын, миың бар ма өзіңнің? - Директордың ашудан көзі шақшиып кетті. 

- Иә... - деді инженер кібіртіктеп, - сіз… жарнамалау жұмыстарының кемшілігін теріп айтқыңыз келген болар... Білесіз бе, серіктес кәсіпорындар үнемі бізді ұятқа қалдыра береді...

Ашуға мінген директор шыдай алмай орнынан атып тұрды:

- Сен не оттап тұрсың?! Мен сенен: «БІЗ ҚАНДАЙ ӨНІМ ӨНДІРЕМІЗ?» деп сұрап тұрмын ғой. Кеше осында асығыс-үсігіс ауыстырғандықтан, қандай өндіріс орнына директор болып тағайындалғанымды әлі білмеймін, түсіндің бе?! - деген директор сабасына түсіп, орнына қайта жайғасты: сонымен, нақтылай кетсең, біз не өндіреміз? 

Юрий Рихтер, Ресей сатиригі.

Аударған: Үміт Өтегенқызы.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.