Әлеуметтік желіде тараған видеода студенттер актриса Меруерт Өтекешоваға қатысты екінші семестрден бері «отказной» және «докладной» жазу жағдайлары болғанын айтты. Олардың сөзінше, бұл іске шеберхана деканы Ернияз Бірімқұлов араласып, құжаттарды қалай жазу керектігі жөнінде нұсқау берген, деп хабарлайды kznews.kz.
Студенттер емтихан кезінде де ұстазға психологиялық қысым жасалғанын айтып, мұндай әрекетке қарсы екендерін жеткізді.
Желіде бұл жағдай қызу талқыланып, продюсер Баян Алагөзова да пікір білдірді. Ол ұстазға жасалған әрекетті «үлкен қиянат» деп бағалады.
Ал Меруерт Өтекешова деканмен арадағы қарым-қатынастың өзгергенін айтып, өзін сыйламайтын адамдармен жұмыс істегісі келмейтінін жеткізді.
Осыған байланысты Шабыт өнер академиясы ішкі тексеріс басталғанын мәлімдеді.