Астанада Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнадағы 50 жылдық мерейтойына арналған «50 жыл сахнада» атты шығармашылық кеш өтті, деп абарлайды kznews.kz.
Аталған кеште өнер иесін отбасы мүшелері қолдап, бірге өнер көрсетті.
Әнші Әли Оқаповтың ұлы, Роза Рымбаеваның немересі Зейін де сахнаға шығып, көрерменге өлең оқып берді.
Кештің ең әсерлі сәттерінің бірінде жас өнерпаз өз өнерін көрсеткен соң көпшілікке иіліп тағзым етіп, зал толы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Оқырмандар бала Зейінге жылы лебіздерін білдіріп, «тіл-көзден аман болсын», «әжесінің жолын берсін», «өркені өссін» деген сияқты пікірлер қалдырған.