“Балаң жетесіз болса, құрбан шалудан не пайда?”: Нұрлан имам үндеу жасады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Балаң жетесіз болса, құрбан шалудан не пайда?”: Нұрлан имам үндеу жасады

“Балаң жетесіз болса, құрбан шалудан не пайда?”: Нұрлан имам үндеу жасады
Фото: Kazinform.kz

Биыл мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі 27, 28 және 29 мамыр күндеріне сәйкес келеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Белгілі дінтанушы Нұрлан имам Байжігітұлы Құрбан айттың мәні тек мал шалумен шектелмейтінін айтты. Оның пікірінше, адам үшін ең үлкен құрбандық — арлы, иманды әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу.

«Сіз жыл сайын Құрбан айтта ірі қара немесе түйе шалсаңыз да, артыңызда қалған ұрпағыңыз имансыз, ар-намыссыз, тілсіз, жетесіз болса, ол құрбандықтың сізге қалай көмегі тимек? Бүгінгі таңдағы құрбандықтың ең үлкені – балаңа дұрыс тәрбие беру», – деді имам «Жібек жолы» радиосына берген сұхбатында.

Дінтанушы сондай-ақ хакім Abai Qunanbaiuly сөзін мысалға келтіріп, адамның тәрбиесі мен ұрпағына қалдырған өнегесі бәрінен маңызды екенін атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.