Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан «ДимашАли» шығармашылық орталығының жетекшісі, композитор әрі продюсер Қанат Айтбаевқа «Парасат» орденін табыстады, деп хабарлайды kznews.kz.
Салтанатты рәсім барысында министр Қанат Айтбаевтың ұлттық мәдениет пен өнердің дамуына, сондай-ақ қазақстандық музыканы насихаттауға қосқан елеулі үлесін атап өтті.
«Парасат» ордені ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларындағы ерекше еңбегі, сондай-ақ елдің рухани және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан үлесі үшін беріледі.
Айта кетейік, Қанат Айтбаев бұған дейін жеке себептерге байланысты Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған марапаттау рәсіміне қатыса алмаған болатын.