Әділет министрлігі "Әділет" партиясын ресми тіркеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Президент 1 маусым - Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент 1 маусым - Балаларды қорғау күнімен құттықтады
Фото: ашық дереккөз

Президент құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, бақытты балалық шақтың негізі – берекелі әрі тату отбасы екенін атап өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекет басшысы жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – елдің ортақ міндеті әрі конституциялық талап екенін айтты. Оның пікірінше, отбасы құндылықтарын нығайту жаңа Конституцияда да ерекше орын алған.

Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың білім, спорт және өнер салаларында жетістіктерге жетіп келе жатқанын да атап өтті.

Сондай-ақ ол өзінің бастамасымен жүзеге асқан «Ұлттық қор – балаларға» жобасы арқылы мемлекет әр балаға қолдау көрсетіп жатқанын, ал биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы іске қосылғанын жеткізді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.