Алматыда жауған қардың қалыңдығы 20 сантиметрге жетті - Ел жаңалықтары
12.01.2019
12:52
0
2

Алматыда 20 сантиметр қар түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Табиға ресурстар басқармасына сілтеме жасап.
Басқармадағылардың мәліметінше, Алматыда 12 қаңтарда сағат 00.00-ден бастап қар жауған.
"Таңғы сағат 08.00-дегі жағдай бойынша қардың қалыңдығы 10 сантиметр болды, ал таулы аймақтарда қардың қалыңдығы 20 сантиметрге жетті", - делінген хабарламада.
Көктайғақтың алдын алу үшін кешкі уақыттан бастап 155 құмшашыратқыш жұмылдырылды.
Сондай-ақ, басқармадағылардың мәліметінше, 2450 тонна тайғақсыздандыру материалы қолданылды.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ