Желіде Алматыдағы көшелердің бірінде өртке оранып, жүріп бара жатқан көліктің видеосы тарады

0

Алматыда өртенке оранған Toyota Land Cruiser көлігінің қозғалыс үстіндегі видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша жүргізуші көліктен шығып үлгерген. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше  оқиға2 маусымнан 3 маусымға қараған түні сағат 2:38-да Әл-Фараби мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында болған. Өрттің негізгі себебі газдың шығуынан болғаны жеткізілді.

«2003 жылғы Toyota Land Cruiser көлігінің 6 шаршы метр аумақта жанды. Өрт 2:57-де анықталып, 3:03-те жойылды. Өрттің алдын ала себебі — газ-ауа қоспасының шығуы. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мен жолаушы салоннан шығып үлгерген. Олар ауруханаға жатқызудан бас тартқан», — деп хабарлады ТЖД.

Құтқарушылар көліктегі өрт 2-3 минутта толығымен тез таралатынын еске салды. Сондықтан автокөліктердің газ баллондары мен электр жабдықтарына мамандандырылған техникалық мен өрт сөндіргіш құралдар болғаны жөн.