65 жастан асқан жүргізушілер енді көлік айдай алмай ма? ІІМ жаңа тәртіпті түсіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда ондаған түйіншек есірткісі бар күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Алматыда ондаған түйіншек есірткісі бар күдікті ұсталды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Алматының Медеу ауданында полиция қызметкерлері есірткі таратты деген күдікпен 29 жастағы ер адамды құрықтады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жеке тексеру барысында ұсталған азаматтан изолентамен оралған ондаған түйіншек табылды. Тәркіленген заттардың бір бөлігінде марихуана, ал қалғанында өткізуге арналған синтетикалық есірткі болған.

Күдіктінің айтуынша, ол шамамен 1 ай бұрын ғаламтордан есірткі тасымалдаушы болып жұмыс істеу туралы хабарландыру тауып, қала аумағында тыйым салынған заттарды тарата бастаған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта полицейлер есірткі жеткізу арнасын, схеманы ұйымдастырушыны және өзге де қатысушыларды анықтап жатыр.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.