65 жастан асқан жүргізушілер енді көлік айдай алмай ма? ІІМ жаңа тәртіпті түсіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық әйел TikTok-та тікелей эфир өткіземін деп айыппұл арқалады

Қазақстандық әйел TikTok-та тікелей эфир өткіземін деп айыппұл арқалады
Фото: ашық дереккөз

Талдықорғанның 44 жастағы тұрғыны TikTok-та тікелей эфир өткіземін деп айыппұл арқалады. Әйел көрермендермен сөйлесу кезінде былапыт сөздер айтқан,, деп хабарлайды kznews.kz Polisia.kz-ке сілтемежасап.

Полиция мәліметінше, бұған дейін де ол дәл осындай құқықбұзушылық үшін жауапқа тартылған. Алайда одан тиіс қорытынды шығармаған.

"Жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот қаулысымен азаматшаға әкімшілік айыппұл салынды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда бірнеше стример мен блогер адам ұрлау көрінісін қолдан жасап көрсеткені, пранк ұйымдастырғаны және тікелей эфирде былапыт сөйлегені үшін қамауға алынғаны хабарланған еді. Ішкі істер министрлігі мұндай контентті анықтау және әлеуметтік желі қолданушыларының шағымдарын қарау жұмысы жалғасатынын мәлімдеді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.