65 жастан асқан жүргізушілер енді көлік айдай алмай ма? ІІМ жаңа тәртіпті түсіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Таиланд премьер-министрі Паттайядағы ресейліктердің қазасына байланысты кешірім сұрады

Таиланд премьер-министрі Паттайядағы ресейліктердің қазасына байланысты кешірім сұрады
Фото: ашық дереккөз

Таиланд премьер-министрі Анутхин Чанвиракун Паттайяда қаза тапқан ағалы-қарындасты Назимовтардың өліміне байланысты кешірім сұрады, деп хабарлайды kznews.kz РБК басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Үкімет басшысы кінәлілер заңда көзделген ең қатаң жазаға тартылатынын және тергеу барысын жеке бақылауына алатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл оқиға Таиландтың халықаралық беделіне айтарлықтай нұқсан келтірген. Премьер-министр Паттайяға арнайы барып, қылмыс болған жер мен полиция бөлімшесіне барған.

“Болған жағдай үшін кешірім сұраймыз”, – деді Анутхин Чанвиракун журналистерге.

Сондай-ақ ол билік қаза тапқан жастардың туыстарына барынша қолдау көрсететінін айтты. Қазіргі уақытта олардың анасы Таиландта жүр.

Ресейдің Таиландтағы елшілігінің консулдық бөлімінің меңгерушісі Илья Ильин елшілік істің жан-жақты тергеліп, кінәлілердің әділ жаза алуына үміттенетінін жеткізді. Оның айтуынша, дипломатиялық өкілдік марқұмдардың анасына қажетті көмектің бәрін көрсетеді.

Еске салайық, бұған дейін Таиланд полициясы 22 жастағы Диана Назимова мен оның 17 жастағы інісі Роман Назимовтың жоғалуына қатысты екі күдіктіні ұстаған болатын. Олар – 43 жастағы Тхан және 39 жастағы Тхонгчай.

31 шілдеде күдіктілер қылмысты мойындап, бастапқыда ағалы-қарындастың мотоциклін ұрламақ болғандарын, алайда олар қарсылық көрсеткеннен кейін кісі өлтіргендерін айтқан.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.