Ақталмақ болған Шалқардың бұрынғы әкімі алаяққа 4 миллион теңге берген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда енді стрим арқылы сауда жасайтындар да бақылауға алынады

Қазақстанда енді стрим арқылы сауда жасайтындар да бақылауға алынады
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде тікелей эфир, яғни стрим арқылы тауар сататын немесе онлайн-саудамен айналысатын азаматтар да салық органдарының мониторингіне ілінеді. Тікелей эфирде сатудан табыс тапқан сатушыларға 3 ай бойы 100 түрлі адамнан мобильді аударым түскен жағдайда арнайы хабарлама жіберіледі,  деп хабарлайды kznews.kz.

BIZDIÑ ORTA подкастына қатысқан Өндірістік емес төлемдерді және жеке толықтыруларды әкімшілендіру департаментінің директоры Шындали Заңғар қазір әлеуметтік желілер арқылы тауар ұсынып, ақшаны жеке мобильді аударыммен қабылдау кең тарағанын айтады. Алайда салық заңнамасына сәйкес, бұл әрекет кәсіпкерлік қызмет болып саналады және арнайы тіркеуді талап етеді.

“Стрим арқылы сату кезінде табыс тапса, міндетті түрде тіркелу керек және салық төлеу қажет. Бұл жерде де бекітілген өлшемшарттар жұмыс істейді. Егер онлайн-сатушыларға 3 ай бойы 100 түрлі адамнан аударым түссе, оларға да хабарлама келеді. Бұл салық түсімін көбейту үшін ғана емес, бизнестің адал әрі әділ ортада жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жасалып жатыр”, — деді Заңғар Шындали.

Оның сөзінше, заңсыз жұмыс істейтін сатушылар мен адал кәсіпкерлер арасында бәсекелестік теңсіздігі туындайды. Салықтан жалтарып жүргендерде арнайы шығындар болмағандықтан, бұл адал бизнеске кедергі келтіреді. 

“Қолма-қол ақшаның уақытша өсуі қысқа мерзімді сипатқа ие. Салықтық хабарламалар жіберілген кезде қолма-қол ақша сұрау жағдайлары көбейіп, кейін қайта түсіп жатады. Алайда ұзақ мерзімді перспективада қолма-қол ақша көлемі бәрібір төмендейді. Себебі сатып алушылар өздеріне ыңғайлы төлем түрін — мобильді аударымды, QR-кодты немесе онлайн төлемді талап етеді. Қолма-қол ақшамен есептесу сатушының өзіне де ыңғайсыз”, — деп атап өтті спикер.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.