65 жастан асқан жүргізушілер енді көлік айдай алмай ма? ІІМ жаңа тәртіпті түсіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Әркімнің өз талғамы бар»: Димаш өзін сынағандардың бетін қайтарды (ВИДЕО)

«Әркімнің өз талғамы бар»: Димаш өзін сынағандардың бетін қайтарды (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Ол келесі әні түрік тілінде шығатынын айтты.

31 шілдеде Димаш Құдайбергеннің орындауында «Aqerke» әніне түсірілген жаңа бейнебаян шықты, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің жанкүйерлері бейнебаян да, ән де көңілінен шыққанын жарыса жазып жатыр. Дегенмен кейбірі желі қолданушылары «Димашқа дұрыс продюсер жолықпағанын», «Димаш негізінен опера, классикалық шығармаларды орындайды», «Димаштың авторлық әні аз» деген пікір жазған.

Осыған қатысты әнші видео жариялап, шығармашылығы туралы ойын бөлісті.

«Шын мәнінде осы жылдар ішінде операдан бастап поп, рок, этно, edm, тіпті рэпке дейін әртүрлі жанрда жұмыс істеп келемін. Кез келген жанрды жаным сүйеді. Репертуарымның басым бөлігі авторлық әндерім. Өзім полдюсерлік еткен туындылар»,- деді Димаш.

Ол сондай-ақ «Aqerke» халық әнін өзгерту мақсатында емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандарына туған дері жайлы  жеткізу мақсатында жаңа нұсқада орындағанын айтты.

«Бұл таспаны бірнәрсені дәлелдегім келгендіктен емес, жерлестеріме шығармашылығымды түсіндіргім келгендіктен жазып отырмын.Әркімнің өз талғамы бар. Әркімнің пікірін құрметтеймін», — деді Димаш Құдайберген.

Ол келесі әні түрік тілінде шығатынын айтты.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.