Уыс-уыс ақшаның астында билеген қазақ қызы мен африкалық азаматтың тойы ел назарын аударды
Әлеуметтік желіде африкалық азаматпен бас қосқан тағы бір қазақ қызының үйлену тойында түсірілген видео пайда болды. Жас жұбайлар туралы Instagram қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Олар соңғы уақытта шетелдіктерге тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарының көбейгенін алға тартады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Видеоны желіге жүктеген пабликтің жазуынша, алматылық ару Нигерияның Лагос қаласының азаматымен шаңырақ көтерген. Бейнежазбадан той қонақтарының жас жұбайларды ортаға алып билеген сәтін көруге болады. Африкалық жігіттер ақ көйлек киген қалыңдыққа уыс-уыс ақша жаудырып, тойдың көркін қыздыруда. «23 желтоқсанда дүркіреп тойлары өтті️. Бұл жұбымыз ұзақ уақыт бірге жүріп үйленуге шешім қабылдаған. Бақытты болсын! Жаман пікір жазбайық», — дейді автор.
Осы орайда Instagram қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі жұбайлардың бақытты болуын тілесе, енді бірі қазақ қызының таңдауы неліктен Нигерия азаматына түскенін топшылауда. «Шетелде оқыған қыз шығар, тілдерін білетін шығар. Сөйтіп танысып жүрген шығар. Білмейсіңдер ғой, бірден ақшасына қызықты деу қате», » Бақытты болсын! Кімді таңдаған болса да, ең бастысы иманды жігіт болсын. Бәріміз де Адам ата мен Хауа анадан тарадық емес пе?! Таңдап қойған екен, талғамы жаңылыстырмасын. Бақыт тілейік, қосағымен көбейіп, өрби берсін «, — дейді олар. Сондай-ақ, оқырмандар арасында соңғы уақытта шетелдіктермен шаңырақ көтерген қазақ қыздарының көбейгені сөз болды. «Неге жиілеп кетті осындай?», «Сәнге айналып бара жатқандай ма?», — дейді жағдайды түсіне алмайтындарын жеткізген желі қолданушылары.
Видеоге сілтеме: https://www.instagram.com/p/CX2SYEVJu_9/?utm_medium=copy_link