Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Көшеден табылған темекіні шеккен қыз жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Көшеден табылған темекіні шеккен қыз жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
Фото: rexamed.ru

Петропавлда көшеден тауып алған темекіні шеккен қыз ауыр халде ауруханаға түсті. Біраз уақыттан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, қолы дірілдеп, басы айналып, үрей белгілері күшейген, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Дәрігерлер науқасты жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызған. Мамандардың айтуынша, қызда улану белгілері анықталған, оның ішінде белгісіз заттардың уытты әсері мен интоксикация синдромы тіркелген.

Науқас бір тәулік реанимацияда болып, кейін тағы бірнеше күн ем қабылдаған. Қазір оның жағдайы тұрақтанып, үйіне шығарылған.

Дәрігерлер тұрғындарға ескерту жасап, көшеден табылған немесе шығу тегі белгісіз заттарды қолдану денсаулыққа аса қауіпті екенін атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.