Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Ломбардқа өткізілген алтын да кері әсер етеді”: несие беру ережесі өзгермек

“Ломбардқа өткізілген алтын да кері әсер етеді”: несие беру ережесі өзгермек
Фото: Wfin.kz

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру талаптары қатаңдайды. Ломбардқа тапсырылған алтын мен уақытылы төленбеген айыппұлдар несие тарихына кері әсер етеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Жаңа ережеге сәйкес, табысы ресми расталмаған немесе зейнетақы жарналары жоқ азаматтарға кредит берілмеуі мүмкін. Банктер енді екі негізгі көрсеткішті есептейді: табыстың қанша бөлігі қарызды өтеуге кетеді және ресми кірістің бар-жоғы. Егер табыстың жартысынан көбі несиеге жұмсалса немесе міндетті аударымдар болмаса, жаңа қарыз берілмейді.

Бұл талаптар ломбардтарға да қатысты. Уақытында өтелмеген кепілзат микронесие ретінде тіркеледі. Мұндай шаралар халықтың қарызға шамадан тыс батуының алдын алу үшін енгізілуде. Алайда сарапшылар шектеулер күшейсе, кей азаматтар заңсыз несие берушілерге жүгінуі мүмкін екенін айтады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.