"Алғашқы трофей" – Футболдан Қазақстан құрамасы Африкадан келген екі елді жеңді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Алғашқы трофей" – Футболдан Қазақстан құрамасы Африкадан келген екі елді жеңді

"Алғашқы трофей" – Футболдан Қазақстан құрамасы Африкадан келген екі елді жеңді
Фото: Tengrinews.kz / Алимжан Аманжол

Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада өткен FIFA Series турнирінде жеңіске жетіп, өз тарихындағы алғашқы жүлдені иеленді, деп хабарлайды kznews.kz. Турнир 25 наурыздан бастап «Астана Арена» стадионында өтті. Финалдық кездесуде Талғат Байсуфинов шәкірттері Комор аралдары құрамасын жеңді.

Ойынның төртінші минутында қарсылас қақпашысының қателігін пайдаланған Рамазан Оразов ұлттық құрама сапындағы екінші голын соқты. Ислам Чесноков қақпашының сәтсіз әрекетінен кейін допты тартып алып, қақпаға соққы жасағанымен, доп бағанаға тиіп қайтты. Қайтарылған допты Оразов қақпаға дәл бағыттады.

Алғашқы минуттарда қазақстандықтар басымдық танытқанымен, тайм ортасына қарай ойын теңесті. 35-минутта Комор құрамасы есепті теңестіруге тамаша мүмкіндік алды. Қақпашы Темірлан Анарбеков сәтсіз шығып, допты дұрыс қайтармағанмен қорғаушылар дер кезінде көмекке келіп үлгерді. 

2 таймның соңына қарай Оралхан Өміртаев екінші голды соққанымен, төреші офсайд тіркеп, гол есепке алынбады. Бұл ойында VAR жүйесі болмағандықтан төреші қауіпті сәтті анықтап көре алмады.

Екінші тайм басында қақпашылар ауыстырылып, алаңға Бекхан Шайзада шықты. Матчтың соңғы бөлігінде ойын ашық сипат ала бастады. Қонақтар алға жиі ұмтылып, қорғаныста осалдық танытты. 72-минутта Максим Самородов есепті еселеуге мүмкіндік алғанымен, оның соққысы тағы да бағанаға тиді. Матч 1:0 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, турнирдің алғашқы матчында Қазақстан Намибияны 2:0 есебімен жеңген еді. Ал Комор құрамасы Намибиямен тең ойнап, пенальти сериясында жеңілген болатын.

Турнир жолдастық сипатта өткенімен, жеңімпаздарға арнайы кубок пен медальдар табысталды. Осылайша, Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирінің жеңімпазы атанып, өз тарихындағы алғашқы трофейді иеленді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.