Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректер шықты. Жәбірленуші тарап күдіктіге жүргізілген сараптамалардың нәтижесіне күмән келтіріп, істің әділ қаралуын талап етуде, деп хабарлайды kznews.kz.
Марқұмның туыстарының айтуынша, күдікті Шерхан Аймаханға жасалған медициналық тексерудің алдын ала қорытындысында психикалық ауытқулар бар екені көрсетілген. Осыған байланысты жақындары оның жауапкершіліктен жалтаруы мүмкін екенін алға тартып отыр.
Нұрай Серікбайдың ағасы сараптама нәтижесіне сенбейтінін айтып, күдіктінің дені сау екенін жеткізді. Оның пікірінше, бұл жағдайда жалған анықтама жасалуы мүмкін. Сонымен қатар, күдіктінің қазіргі уақытта психикалық емдеу мекемесінде жатқаны айтылды.
Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Жәбірленуші тарап істің ашық әрі әділ қаралуын талап етуде.