Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бір үйдің екі сәбиі көз жұмды: Атырауда жаға ұстатарлық жол апаты орын алды

Бір үйдің екі сәбиі көз жұмды: Атырауда жаға ұстатарлық жол апаты орын алды
Фото: видеодан скриншот

Атырау облысының Доссор кентінде болған жол апаты салдарынан екі сәби көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала деректерге сүйенсек, қайғылы оқиға 26 наурыз күні болған. Оқиға орнында бір нәресте бірден қайтыс болса, екіншісі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға бар күшін салғанымен, сәби кейінірек жан тапсырды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының нақты себептері ресми түрде жарияланған жоқ. Тергеу амалдарын полиция жүргізіп жатыр.

Бұл жағдай қоғамда жол қауіпсіздігі мәселесіне қатысты алаңдаушылықты қайта күшейтті. Мұндай оқиғалардың жыл сайын қайталануы көпшіліктің наразылығын тудырып отыр.

Әсіресе балалардың қаза болуы қоғамға ауыр тиді. Кінәлілер анықтала ма, әлде бұл оқиға да назардан тыс қала ма – оны уақыт көрсетеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.