Түркияда өлтірілген 21 жастағы қазақ қызы: Елдана Қаһарман туралы тың деректер жарияланды
2019 жылы Түркияда білім алып жүрген 21 жастағы қазақстандық азаматша Елдана Қаһарман өлі күйінде табылды.
Түркияда екі жыл бұрынғы іс қайта қозғалып жатыр. Түркия Жоғарғы Ұлттық Мәжілісі қазақстандық қызды Ак партия депутаты Толга Ағыр өлтірді деп айыптап жатыр. Депутаттың үйіне сұхбат алуға барғанда зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Кейін қыз прокуротураға арызданған. Бір күннен кейін өлі табылған.
Аталмыш іс Елдана Қаһарманның мәйіті туралы есепті Twitter желісіне жариялаған Барансел Ағжа журналистің жазбасынан кейін қайта қозғалған.
Естеріңізге сала кетейік, Елдана Қаһарман Түркияда білім алып жатқан студент болған және сондағы телеарналардың бірінде жұмыс жасаған. Сонымен бірге танымал видеблогер болған.