Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды, деп хабарлайды kznews.kz.
Сапар барысында Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген, түркі әлемі үшін маңызды тарихи-рухани нысан – Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев кесене аумағында жерленген ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауи мен өзге де тарихи тұлғалардың рухына тағзым жасады.