Тоқаев Беларусь президентіне жеделхат жолдады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Тоқаев Лукашенконың мемлекет құру ісі және ЕАЭО аясындағы ықпалдастықты дамытудағы айрықша еңбегін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенконы мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенконың 65 жасқа толуына орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан президенті Беларусь елінің басшысына мемлекет құру ісі және ЕАЭО аясындағы ықпалдастықты дамытудағы айрықша еңбегін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға зор денсаулық, амандық және бауырлас Беларусь халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.

Тағы оқыңыз: Беларусь президенті Тоқаевтың қандай адам екенін ашық айтты



sputniknews.kz