Тоқаев Ақордада Франция президентін қарсы алды
01.11.2023
12:35
0
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франция президенті Эмманюэль Макронмен кездесті, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Франция басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға келді. Ол Қазақстанда ресми сапармен жүр.
Екі елдің Министрлер кабинетінің мүшелері дәстүр бойынша Ақордада бас қосты.
Қасым-Жомарт Тоқаев келгеннен кейін салтанатты рәсімнің ресми бөлімі басталды.
Салтанатты шараның басында құрметті қарауыл бастығы ел басшыларына рапорт берді, одан кейін Қазақстан мен Францияның әнұрандары шырқалды.
Президенттер бір-бірімен күліп амандасып, қол алысып, кездесуді шектеулі құрамда жалғастырды.


(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ