Тегіңді қазақшалау қиын ба

0

Заңгердің «Ұлты қазақ азамат­тар­дың тегі мен әкесінің атын жа­­зу­ға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жар­лығына сәйкес, ұлты қазақ адамдар тегі мен әкесінің атының жазылуын өзгерту туралы өтінішхатпен уә­­кі­летті мемлекеттік органға жү­гін­­­ген кезде қалаған тегін, әкесінің атын мемлекеттік немесе орыс тілін­де көрсете отырып, еркін нысанда өтініш бере алатындығы «Қазақстан Республикасы азама­тының паспортын, Қазақстан Рес­публикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ық­тиярхатты, азаматтығы жоқ адам­ның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Рес­публикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы №852 қаулысының 33-тар­мағында айтылған.

Демек, осыған сәйкес, текті қазақшалағанда азаматтың тегі мен әкесінің атының түбір негіздері сақтала отырып, қазақ тіліне тән емес аффикстер алынып тасталады, онымен бір мезгілде әкесінің атын жазу кезінде қазақ тіліне тән емес аффикстердің орнына әке­сінің есіміне адамның жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» деген жалғау жалғанады. Өтінішке мына құжаттардың бірі қосымша беріледі: туу туралы куәлік (жеке басты куәландыратын құжаттарды алғаш рет алған кезде) және ауыстыруға жататын жеке куәлік, паспорт.

Тектері мен әкесінің атының жазылуы қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес өзгертілген ұлты қазақ адамдар өтініш білдірген жағ­дайда, паспорттар мен жеке куә­ліктерді олардың бұрынғы тектері мен әкелерінің аттарын ұсы­нылған туу туралы куәліктерге сәй­кес бұрынғыдай жаза отырып ресімдеуге болады. Сонда бай­қасаңыз, тегіңізді ауыстырар кезде, сізге керек болатын құжаттар, ол жеке куәлігіңіз бен паспортыңыз ғана. Ал қалған құжаттарыңызды, яғни туу туралы куәлігіңіз, дип­лом­, неке куәлігіңізді, т.б. ауыс­тырудың қажеті жоқ. Себебі компьютерде тегіңізді ескіше теріп қа­ра­са да, жаңаша жеке куәлік бойын­ша қараса да бір ЖСН (ИИН) шы­ғып тұрады. Сол ЖСН (жеке сәй­кестендіру нөмірі) арқылы оның қай жерде де бір адам екені дәлелденіп тұрады. Ал мерзімі аяқталған құжат­тарыңыз болса (жүргізуші куәлігі, т.б.), оларды сол мерзімі біткенде ауыс­тырған жөн.

Кәмелет жасына толмаған ба­ла­лардың құжаттарына келетін болсақ, оның туу туралы куәлігінде, ба­ланың тегі, мәселен, сіздің ескіше тегіңізбен тіркелген болса, оны ауыс­тыруыңызға да еш қиыншылық жоқ. Заң бойынша, «Неке (ерлі-зайыпты) және отбасы туралы» кодек­стің 64-бабына сәйкес ата-ана екеуі де тегін өзгерткен кезде кә­мелетке толмаған балалардың да тегі өзгереді. Бала он алты жасқа тол­ғанға дейін ата-аналарының бір­лескен өтініші бойынша тіркеуші орган баланың мүдделерін негізге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берілген текті ата-анасының екін­шісінің тегіне өзгертуге рұқсат береді.

Ал дайын құжаттардың берілу мер­зіміне келсек, жоғарыда атал­ған Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысының 5-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы азама­ты­ның паспорты, Қазақстан Рес­публикасы азаматының жеке куә­лігі ресімделген күннен бастап жедел­детілген тәртіппен Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында – бір жұмыс күніне дейін, облыс орта­лықтарында – үш жұмыс күніне дейін, облыстардың аудандары мен қала­ларында – жеті жұмыс күніне дейін беріледі.

Дайындаған Александр ТАСБОЛАТ,

«Egemen Qazaqstan»

Дереккөз: http://egemen.kz/