Соғысқа қарсы шыққан ресейлік Астанада бостандыққа шықты
Соғысқа қарсы шыққан ресейлік Андрей Павлов Астанада бостандыққа шықты, деп хабарлайды Kznews.kz.
Мұның алдында қазақстандық халықаралық адам құқығы жөніндегі бюро Астанада Андрей Павловтың ұсталғанын мәлімдеген еді.
Ол Ресейде “РФ армиясын дискредитациялағаны үшін” айыпталған. Тұтқында болған кезінде Павлов өзіне босқын мәртебесін беруді өтінген.
«Екінші топтағы мүгедек Андрей Павлов Қазақстанға өткен жылдың соңында келген. 4 маусымда Ресейде сырттай тінту және қамауға алу салдарынан ұсталып, 72 сағатқа уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросы Павловқа заңгерлік көмек көрсетуде», — деп жазған болатын бюро өкілдері.