Рамзан Қадыровтың биліктегі 30-ға жуық туысы қандай қызмет атқарады?

0

Рамзан Қадыровтың қызы Хутмат Қадырова әкесімен кездесу барысында Шешенстан мемлекетіндегі Денсаулық сақтау саласына Аймани Қадыровтың (Рамзан Қадыровтың анасы) қосқан үлесі туралы баяндады.
Сонымен Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың билікте қанша туысқаны бар?

  1. Рамзан Қадыров — Шешенстан президенті;
  2. Аймани Қадырова — анасы және Ресей Батыры Ахмата Қадыров атындағы өңірлік қоғамдық қор президенті;
  3. Медни Қадырова — әйелі және Ресей Батыры
  4. Ахмата Қадыров атындағы өңірлік қоғамдық қордың вице-президенті;
  5. Хутмат Қадырова — қызы және Республика басшысы хатшылығының орынбасары;
  6. Айшат Қадырова — қызы және мәдениет министрі;
  7. Висхан Мацуев — күйеу баласы және
    Шешенстан Респубоикасының көші-қон басқармасының басшысы;
  8. Хадижат Қадырова — қызы және
    қалалық әкімдіктің мектепке дейінгі білім департаментінің басшысы;
  9. Адам Алханов — күйеу баласы және Республика Үкіметінің басшысы;
  10. Ахмат Қадыров —  ұлы және Ресей балалар және қозғалыс бөлімшелерінің басшысы;
  11. Зулай Қадырова (Закриева) — әпкесі және
    Мемлекет президентінің және үкіметінің іс басқармасының орынбасары;
  12. Салман Закриев — күйеу баласы және бірінші
    Парламент төрағасының орынбасары (2008 жылдан бастап);
  13. Зарған Қадырова (Черхигова) — әпкесі және
    Республика басшысының мектепке дейінгі білім беру ісінің көмекшісі;
  14. Рамзан Черхигов — күйеу баласы және
    Көлік және байланыс министрі (2007 жылдан бастап);
  15. Хамзат Қадыров — жиені, мүлік және жер қатынасының вице-премьері мен министрі;
  16. Ибрагим Закриев — жиені, ауыл шаруашылығы министрі;
  17. Ясин Закриев — жиені және Шешен Республикасының салық қызметін жедел бақылау бөлімінің басшысы;
  18. Идрис Черхигов — жиені және
    Шешенстан Республикасы бойынша ІІМ Жол полициясы басқармасының басшысы;
  19. Адам Черхигов — жиені, жетекші
    Шешенстан үкіметінің мектепке дейінгі комитетінің жетекшісі және
    Зайед Шейх атындағы қордың бас директоры;
  20. Зарема Черхигова — жиені және
    мектепке дейінгі білім беру мекемесінің муниципалды бюджет меңгерушісі;
  21. Турпал-али Ибрагимов — немере ағасы және
    Республика Қауіпсіздік кеңесінің басшысы, бұрынғы вице-министр;
  22. Одес Байсұлтанов — немере ағасы және
    Ресей Федерациясы спорт министрінің орынбасары;
  23. Идирис Байсұлтанов — немере ағасы және
    Республика басшысының әлеуметтік кеңесшісі,
    бұрынғы денсаулық сақтау, білім беру министрі.
  24. Юсуп Байсұлтанов — немере ағасы және
    Аргун қаласы бойынша Ресей Федерациясы ІІМ бөлімінің бастығы;
  25. Хож-Бауди Дааев — туыс әпкелері, білім министрі, бұрынғы мәдениет министрі;
  26. Хас-Магомед Қадыров — төртінші немере ағасы
    Грозный мэрі.

    2020 жылдың ақпан айында Рамзан Қадыров журналистердің жиендерін биліктегі жоғары лауазымға тағайындау туралы сұрағына жауап берген еді. Ол «Егер мұқият қарасаңыз, билікте менің туыстарымның қаншалықты аз екенін байқауға болады» деген еді.

ақпарат: https://www.facebook.com/watch/?v=1186984025285198&mibextid=qC1gEa

фото: MDautov_95/ Telegram