WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Зират топырағы, күйдірілген ине, тұз”: Жігер Ауыпбаев бірінші некесі неге бұзылғанын айтты

“Зират топырағы, күйдірілген ине, тұз”: Жігер Ауыпбаев бірінші некесі неге бұзылғанын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Жігер Ауыпбаев «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты бұрын көп айтыла бермейтін жайттарды бөлісіп, алғашқы отбасын сақтап қалуға не кедергі болғанын әңгімеледі, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ажырасу туралы шешім біржақты қабылданбаған. Ерлі-зайыптылар бұл қадамға өзара келісіммен келген. Әнші бүгінде төрт баланың әкесі екенін айтып, отбасының шаңырағын шайқалтпау үшін бұрынғы жұбайымен бірнеше рет сөйлесіп, арадағы түсініспеушіліктерді реттеуге тырысқанын жеткізді.

Жігер Ауыпбаевтың сөзінше, некенің бұзылуына түрлі келіспеушіліктермен қатар, қызғаныш та әсер еткен.

«Біз бір-бірімізді әлі де жақсы көреміз, бір-бірімізді сағынамыз. Бірақ кездескен сайын ортақ шешімге келе алмайтынбыз. Бірде үйде жалғыз тұрған кезде төсегімнің қасынан, киімдерімнің арасынан себілген тұзды байқадым. Кейін перденің арасына тығылған ұшы күйдірілген инелерді, ал кілемнің астынан зираттың топырағына ұқсас заттарды көрдім. Бұрынғы жұбайым қызғаншақ еді. Кейін мұндай әрекеттерге барғанын өзі де мойындады. Кейде біздің отбасылық бақытымызды көре алмаған адамдардың жаман ниеті де әсер етті ме деп ойлаймын», – деді әнші.

Сонымен бірге ол бұл жайттарға нақты баға беруге асықпайтынын айтты. Алайда сол кезеңде орын алған оқиғалар мен түрлі жағдайлар отбасындағы тыныштыққа кері әсер етіп, ақыры некенің сақталмауына ықпал етті деп есептейтінін жеткізді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.