Тоқаев: Ресей Украинадағы қақтығысты тоқтатып, уақытша бітімге келуі қажет
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Әкемнің қазасын көтере алмады": Арон Атабектің қызы марқұм тәтесін еске алды

"Әкемнің қазасын көтере алмады": Арон Атабектің қызы марқұм тәтесін еске алды
ашық дереккөзден

Ақын әрі диссидент Арон Атабектің қызы Алма Нұтушева әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм тәтесі Разияны еске алып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, бүгін әкесінің туған қарындасы Разия 67 жасқа толар еді. Алма Нұтушева тәтесінің бауырларына ерекше қамқор болып, олардың басына түскен қиындықтарды жүрегіне тым жақын қабылдағанын жазды.

"Ол балалары мен немерелерінің қызығын көріп, әрбір шуақты күнге қуанып өмір сүруі керек еді. Бірақ тым ерте кетті. Ағасы Арон үшін күн сайын тартқан қайғысы мен алаңын көтере алмады", – деді ол.

Алма Нұтушева әкесі ауруханада қайтыс болған сәтте Разияның оны құшақтап, бала күнгі есімімен «Арошка» деп шақырып, қатты жылағанын еске алды. Оның сөзінше, бұл көрініс жадында мәңгі сақталған.

Жазба авторы Разияның Арон Атабекті өмірінің соңғы күндеріне дейін күтіп-баққанын жеткізді. Сондай-ақ ол екінші ағасы Рашидке де қамқорлық жасаған.

"Әкем мен оның ағасы Рашид қарындастарын қатты жақсы көріп, үнемі қорғап, еркелететін. Әкем бостандыққа шыққанда: "Разияға барамын, оның қолында болғым келеді", – деген еді. Ол әкемді соңғы сәтіне дейін күтті. Рашид ағасына да дәл солай қамқор болды. Екі бауырын жерлегеннен кейін, әкемнің қазасынан екі жыл өткен соң өзі де өмірден өтті", – деп жазды Алма Нұтушева.

Ол тәтесінің өзіне екінші анадай болғанын айтып, оның мейірімді даусы мен құшағын сағынатынын жеткізді.

"Туған күніңмен, аяулы жанымыз. Мейірімділігің, жарқын жаның және шексіз махаббатың үшін рақмет. Біз бәрін есімізде сақтаймыз және сені қатты сағынамыз. Жаның жәннатта болсын!" – деп түйіндеді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер