Тоқаев: Ресей Украинадағы қақтығысты тоқтатып, уақытша бітімге келуі қажет
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан 40 жастағы құлаған әйел көз жұмды

Алматыда көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатынан 40 жастағы құлаған әйел көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының Алмалы ауданында 40 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел өзі тұрған көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қажетті тексеру жұмыстарын жүргізді.

Пәтерді қарау барысында тергеу үшін маңызы бар бірқатар материалдық айғақтар табылған. Сондай-ақ құқық қорғау органдары мазмұнына құқықтық баға берілетін жазбаны тәркілеп, оны сараптамаға жіберген.

Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептерін анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеушілер марқұмның өмір салтын, соңғы уақыттағы қарым-қатынасын, психологиялық жағдайын және қайғылы оқиғаға дейінгі өзге де мән-жайларды жан-жақты зерттеп жатыр.

Тексеру нәтижелері мен жиналған дәлелдерге сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады. Құқық қорғау органдары тергеу мүддесіне байланысты әзірге өзге ақпаратты жарияламады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.