Тоқаев: Ресей Украинадағы қақтығысты тоқтатып, уақытша бітімге келуі қажет
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Кешірім сұрап үлгеріңіз": Айгүл Иманбаева жеке өміріне қатысты құпияны айтты

"Кешірім сұрап үлгеріңіз": Айгүл Иманбаева жеке өміріне қатысты құпияны айтты
Айгүл Иманбаева. Фото: ашық дереккөзден

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты әсерлі видео жариялап, балалық шағындағы ауыр кезең туралы сыр бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол төрт-бес жасында ата-анасының екі жаққа кеткенін көрген. Арада 40 жыл өткеннен кейін әнші әкесімен қайта қауышқан.

"Менің өмірім сіздердің көз алдарыңызда өтіп жатыр. 4-5 жасар бала күнімде ата-анам екі жаққа кетті. Мұны "артық драма" дерсіз, бәлкім. Бірақ арада 40 жыл өткенде, мен әкеммен қайта қауыштым. Сол сәтте ғана екі қанатым түгенделіп, жүрегім толыққандай күй кештім. Егер сіздің де басыңызда осындай өкініш пен өкпе болса, менің тағдырым сізге сабақ болсыншы. Кеш болмай тұрғанда, ата-анаңыздың көзінің тірісінде жүректегі өкпені жіберіп, кешіріңіз. Кешірім сұрап та үлгеріңіз. Себебі шынайы кешірім, адамға шексіз бақыт пен жан тыныштығын сыйлайды", – деп жазды ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер