WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Ине тығып, топырақ шашқан”: Ырысбала Икрамбай әлдекімдердің өзін қайта-қайта дуалап жүргенін айтты

“Ине тығып, топырақ шашқан”: Ырысбала Икрамбай әлдекімдердің өзін қайта-қайта дуалап жүргенін айтты
Фото: Instagram.com/irisbala__ikrambai_official

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желіде өзі мен отбасына қатысты жағымсыз жағдайлар болып жатқанын айтып, жұртқа үндеу жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Блогердің айтуынша, қызметкерлері оның дүкенінен шаншылып тұрған ине тауып алған. Сондай-ақ үйінің алдына топырақ шашылғанын айтып, мұны өзіне қарсы жасалған әрекет деп бағалаған.

«Менің магазиніме ине тығып, үйімнің алдына топырақ шашып шаршамадыңдар ма? Мен ауырып шаршадым. Қойыңдар болды. Менің жұмысым жүрмей, мен ауырып жатқаныммен менікін алып сендерге беріп жатқан жоқ қой», – деп жазды Ырысбала Икрамбай.

Ол соңғы уақытта денсаулығының сыр бергенін де атап өтіп, мұндай әрекеттерді тоқтатуға шақырды.

Әзірге блогердің мәлімдемесіне қатысты ресми органдар тарапынан қандай да бір түсініктеме берілген жоқ. Сондай-ақ оның айтқан жайттарының нақты мән-жайы мен шындыққа сәйкестігі туралы ресми ақпарат жарияланбады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.