Қыста қауын-қарбыз сатқан кәсіпкер көпті қызықтырып қойды — новости Казахстана

Түркістан облысы Жетісай ауданында қыстың күні қауын-қарбыз сатылып жатыр. Кәсіпті жақында ғана қолға алған Бекқали Қалмұратов тауарына сұраныс көп екенін жеткізді. Кәсіпкер қауынды интернет арқылы сатып жатыр деп жазады «Замана» басылымы.

Фото: zamana.kz
Бекқали Қалмұратовтың негізі кәсібі жұмыртқа сату. Ал қауын-қарбызды ол жуырда ғана сатып бастаған.
Жаңа жыл қарсаңында Өзбекстанға барған ол үйіндегілерге базарлық ретінде қауын алып келген екен. Сөйтіп қарбыздың суретін Instagram парақшасына жүктеген.

Фото: zamana.kz
Қауынды көрген желі қолданушылары бірден оған қауынды сату жайындағы өтініштер жаза бастаған.
«Қауын алғысы келетіндердің саны артқан соң, Өзбекстанға барып, алып келдім. 50 шақты қауын 10 күнге жетпей өтіп кетті», — деді кәсіпкер.
Қауынның бір данасы екі жарым мың теңгеден басталады екен. Кәсіпкер үстінен көп қоспайтынын, тек жол-пұлдың ақшасын ғана шығаратынын жеткізді.
Қазір ол қауынды Қазақстанның барлық қалаларына жеткізуді қарастырып отыр.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz