Қорытынды: Сайлауға үміткерлердің нақты саны белгілі болды

0

12 адам Қазақстан Президенті лауазымына үміткер, деп хабарлайды Kznews.kz порталы сайтына Kaztag.kz сілтеме жасап. 

Президенттікке кандидаттарды ұсыну сейсенбі күні сағат 18.00-де аяқталды және Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметтері бойынша Қазақстандағы жоғары мемлекеттік лауазымға үміткер:

1. Қасым-Жомарт Тоқаев — Халық коалициясы.

2. Нұрлан Әуесбаев — Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП).

3. Мейрам Қажыкен — «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігі.

4. Жигули Дайрабаев — «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы.

5. Қарақат Әбден — «кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі.

6. Жұматай Әлиев — «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі.

7. Талғат Ерғалиев — Қазақстан құрылысшылар одағы.

8. Нұржан Әлтаев — «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі.

9. Салтанат Тұрсынбекова – «Қазақ аналары-дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі.

10. Хайрулла Ғабжалилов — «Асар» оралмандар бірлестігі» РҚБ.

11. Бақыт Жаңабаев — «Қазақстан футбол әуесқойлары лигасы» қоғамдық бірлестігі.

12. Фатима Бизакова — «Практикалық Психология» республикалық қоғамдық бірлестігі.

21 қазанға дейін үміткерлер қол жинауы керек. Содан кейін олардың сайлау науқандары 21 қазаннан 18 қарашаға дейін жалғасады. 19 қараша — тыныштық күні.

Фото: gov.kz