Шамамен 15 000 адам: рақымшылыққа кімдер ілігеді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Ақбаянның памперсіне дейін ауыстырдым": Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы тың деректі айтты

"Ақбаянның памперсіне дейін ауыстырдым": Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы тың деректі айтты
kznews.kz коллажы

Атыраудағы қайғылы оқиғаға қатысты сот отырысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы Гүлнар Азмұхановадан жауап алынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Сот барысында ол ұлының бұрынғы жары Ақбаянды өз қызындай көргенін айтты. Отырыста түсірілген видеоны журналист Жұлдыз Қайратқызы жариялаған.

"Ақбаян ауырғанда өзім қарадым. Памперсіне дейін ауыстырдым. Мен мұны міндет қылып айтып отырған жоқпын. Ол менің қызымдай болды. Маған қарсы келген адам емес", – деді Гүлнар Азмұханова.

Сондай-ақ ол екі жастың арасына алғаш болып құдасы түскенін жеткізді.

"Маған қатты ауыр тигені – әкесі үйге келіп, "Ақбаян мұнда тұрмайды" деп алып кетті. Сұлтан оны қасынан тастамады. Бөлек шығамын деді, біз бөлек шығардық", – деді айыпталушының анасы.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер