Шамамен 15 000 адам: рақымшылыққа кімдер ілігеді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тағы да жүк көлігі велосипед тепкен баланы қағып кетті

Тағы да жүк көлігі велосипед тепкен баланы қағып кетті

Астанадағы Тілендиев даңғылында КамАЗ жүк көлігі велосипедпен келе жатқан баланы қағып кетті, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жүргізуші жанармай құю станциясына бұрылар сәтте жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедтен түспей өтіп бара жатқан жасөспірімді байқамаған.

Оқиға салдарынан бала ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жол апатына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін елордада бетон араластырғыш көлік велосипед мінген тағы бір баланы қағып, ол оқиға орнында көз жұмған болатын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.