Танымал актер Әбілмансұр Серіков пен оның жары Гүлия Ұзақбаева перзентханадан түскен әсерлі фотоларымен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Суреттерде жас ата-ананың жаңа туған қыздарын құшақтап тұрған сәті бейнеленген. Ерлі-зайыптылар сәбилеріне мейіріммен қарап, көптен күткен қуанышты кездесудің әсерін оқырмандарымен бөліскен.
«Асыға күткен кездесу», – деп жазылған жарияланым сипаттамасында.
Фотолардың бір бөлігінде отбасы мүшелері мен жақындарының да қуанышты сәтті бірге атап өткені көрінеді. Желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, жас ата-ананы құттықтауға асықты.
Жарияланған жазба 65 мыңға жуық лүпіл жинап, көпшіліктің ықыласына бөленді.