Аралды құтқару мүмкін емес: Қазақстанның ендігі жоспары қандай?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Актер, спортшы Еркебұлан Тоқтар 50 мың долларды оқырманына берді

Актер, спортшы Еркебұлан Тоқтар 50 мың долларды оқырманына берді

Аралас жекпе-жек шебері әрі актер Еркебұлан Тоқтар онкологиялық дертке шалдыққан анасына емге қаржы жинап жүрген оқырманына қолдау көрсетті, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Спортшы Instagram парақшасында эмоциялық видео жариялап, оқырманы Жасқанаттың анасына шұғыл ем қажет екенін айтқан. Оның сөзінше, ем-дом үшін 50 мың доллар, яғни шамамен 23,5 миллион теңге қажет болған.

Бейнежазба барысында Еркебұлан Тоқтар Мұхамеджан Қонысбековпен хабарласып, алдағы жекпе-жегіне тиесілі гонорарды алдын ала беруді сұраған.

«Бұл – менің оқырманым. Анасы қатерлі ісікке шалдыққан. Оларға ем үшін шұғыл ақша керек», – деді спортшы.

Кейін қажетті қаражаттың отбасыға табысталғаны белгілі болды. Жасқанат та видео жариялап, көмек көрсеткен жандарға алғыс айтты.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.