Танымал әнші Гүлнұр Оразымбетованың күйеуі, ғалым Серікбай Өрікбайұлының 70 жас мерейтойы өтті, деп хабарлайды kznews.kz MadeniPortal.kz сайтына сілтеме жасап.
Өнер иесі айтулы кешке жақындары мен әріптестерін, өнердегі достарын жинаған. Мерейтойда қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары бой көрсетті.
Қонақтардың қатарында Мақпал Жүнісова, Жанболат пен Жазира, Ләйлә Сұлтанқызы, Қарақат Әбілдина сынды өнер иелері болған.
Кештен кадрлар әлеуметтік желіде жарияланып, көпшілік жылы лебізін білдірді.
“Гүлнұрдың жары Серікбай Өрікбайұлы 70 жасқа толды”, – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында.