«Қазақстандықтар жұмақтағыдай өмір сүреді: журналист Ербол Мәндібек Президент сайлауына үміткер болатынын мәлімдеді

0

Тәуелсіз журналист, қоғам белсендісі Ербол Мәндібек Президент сайлауына үміткер болатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Facebook парақшасына видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Айтуынша, Ербол Мәндібек алдағы дүйсенбі құжаттарын тапсырмақ.

“Егер алда-жалда байқаусыз жеңіп кетіп жатсам, Қазақстандықтар жұмақтағыдай өмір сүреді”,- деді ол үндеуінде.