Маңғыстау облысында жылына 5 мың тонна балық өсіретін жоба іске асырылуда
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы құпияны айтты

Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы құпияны айтты
Бекболат Тілеухан. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Бұрынғы депутат, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекболат Тілеухан журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында жеке өмірі мен отбасы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі бастапқыда жұбайлары мен балалары жайлы кеңінен әңгімелегісі келмегенін айтып, бұл тақырыпта абайлап сөйлеуге тырысатынын жеткізді.

«Төсегімдегі әңгімені айтпай-ақ қояйықшы. Раушан, Кенже, Жанар – менің балаларымның аналары. Мен оларды құрметтеймін. Бір нәрсе айтсам, баламның да, олардың да, туыстарының да көңіліне тиіп кетуі мүмкін», – деді Бекболат Тілеухан.

Оның сөзінше, анасы үшінші жарын көріп, танысып үлгермеген.

Журналист одан өмірге қайта келсе, тағы да үш рет үйленер ме еді деп сұраған. Бекболат Тілеухан бұл сауалға өз өмір жолын тағдырмен байланыстыра жауап берді.

«Бұл – менің тағдырым. Екінші рет өмірге келсем де осы жолмен жүрер едім деген сөз бар ғой. Алла тағала иманды, қазақтың жақсы қыздарын маған жар етті. Әрқайсының өз орны бар», – деді ол.

Сұхбат барысында бұрынғы депутат балаларының өзге ұлт өкілімен отбасы құруына қарсы еместігін де айтты. Алайда болашақ жарының мұсылман болғанын маңызды санайтынын жеткізді.

Сонымен қатар ол ата-ана баласының мамандық таңдауына немесе діни көзқарасына толық ықпал ете алмайтынын да атап өтті.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер