Қазақстандық танымал блогер алаяқтық жасады деп айыпталды

0
 © almaty.tvInstagram-дағы қазақстандық танымал блогерге алаяқтық жасады деген айып тағылды. Әлеуметтік желілерде қолданушылар 20 адам алаяқтық құрбаны болғанын жазды. Олар Түркияда 700 мың теңгеге табысты кәсіп жүргізу жолын үйренбек болған. Нәтижесінде, ақша да, курстар да жоқ. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы репортажында айтылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Мұндайды дұшпанға да тілемеймін. Бөтен елге келу, ақша беру, оған қоса телефонымызды тартып алды. Содан кейін олардың бірі маған Ұлдананың мінезі қиын екенін айтты. Кешірім сұраудан басқа амал болмады», — дейді жәбірленуші Ақгүл Мұратқызы.

Блогер кінәсін мойындамай, керісінше, ол клиенттеріне қолдау көрсеткенін және келісімшарттың барлық талабын орындағанын айтты.

Алайда Ақтау қалалық полиция бөлімі мәліметіне сүйенсек, шынымен де алаяқтық дерегі бойынша арыз түскен. Қазір тексеру жүріп жатыр. Құрбандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

«Қазір курс ұйымдастырушыларын Түркияға кіріп, басқаларды алдай алмайтындай етіп жер аударуға тырысып жатырмыз. Өйткені егер олар жер аударылса, алдағы бес-алты жылда Түркияға бара алмайды», — деп мәлімдеді заңгер Айгүл Орынбек.


Тегтер:блогер