Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерден кешірім сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Құдайдан тілеп алған қызыңа»: Димаштың әжесі Қарақат Әбілдинаның қызына ақ батасымен сый ұсынды

«Құдайдан тілеп алған қызыңа»: Димаштың әжесі Қарақат Әбілдинаның қызына ақ батасымен сый ұсынды
Фото: коллаж Sn.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің әжесімен бірге түскен әсерлі видеоны жариялады. Кадрдан өнер иесінің қызына арнайы сыйлық табысталып, ақжарма тілек айтылғанын көруге болады, деп хабарлайды Sn.kz.

Бейнежазбада Димаштың әжесі Қарақат Әбілдина мен оның қызына ақ батасын беріп, ізгі тілегін арнаған.

"Қарақат жаным келе жатқан мерекең құтты болсын! Аялека құдайдан тілеп алған қызыңа бақыт, несібе, дәулет, береке, бәрін берсін! Осы гүлді қызыңа апарып бер! Гүлдей жайнап жүрсін, өмірлерің ұзақ болсын", деді Димаштың әжесі.

Өз кезегінде Қарақат Әбілдина да ақ жаулықты анаға алғыс айтып, қызының бұл сәтті жүрегіне сақтап қалғанын жеткізді.

"Міне, Димашымыздың әжесі, анасы Аялекама күшті бата беріп жатыр. Өткенде Аялекама ән айтып шыққанда, бірінші қатарда өзінің үлкен гүлін берген. Сол кезде қызым, маған Димаштың әжесі үлкеен гүл берді ғой, дейді. Кішкентай болса да, қараңызшы баланың есінде қалған. Қандай керемет! Апау өміріңіз ұзақ болсын! Мерекеңізбен!", деді Қарақат Әбілдина.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер