Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші елдерден кешірім сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Иранның жаңа мәлімдемесіне қолдау білдірді

Тоқаев Иранның жаңа мәлімдемесіне қолдау білдірді
Суретте Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның көрші мемлекеттерге қарсы шабуылдан бас тарту туралы ұстанымын қолдады. Ақорда бұл қадамды Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыруға бағытталған маңызды шешім ретінде бағалап отыр, деп хабарлайды Kznews.kz.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың ресми Telegram-арнасында мәлім болды.

Ресми хабарламада мемлекет басшысының Иран президенті Масуд Пезешкиан жеткізген шешімді құптайтыны айтылған.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды", - делінген хабарламада.

Қазақстан Президентінің пікірінше, бұл бастама Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге ықпал етуі мүмкін маңызды қадам саналады.

Иран президенті Масуд Пезешкиан бұған дейін елдің көрші мемлекеттерге олардың аумағынан соққы жасалмаған жағдайда шабуыл жасамайтынын мәлімдеген. Оның айтуынша, мұндай шешімді Иранның уақытша басқарушы кеңесі қабылдаған.

Сонымен қатар, Пезешкиан өз мәлімдемесінде "дұшпанның Иранды тізе бүктіреміз деген арманы ешқашан орындалмайды" деп атап өтті.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер