Бірнеше күн бойы шетелден елге қайтудың амалын іздеген Әдемі Тұрсынбекқызы Қазақстанға аман-есен жетті, деп хабарлайды Kznews.kz.
Қуанышты жаңалықты әлеуметтік желіде анасы Мөлдір Мұқан бөлісті. Оның айтуынша, қызын әуежайдан өзі күтіп алған.
«Бұл қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмай тұрмын. Адемогым аман-есен үйге жетті. Әлемде тыныштық болсын!», – деп жазды ол.
Әдемінің елге оралғанын әкесі, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов та әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Жаным, аман-есен келуіңмен!", - деп жазды ол.
Бұл хабар желі қолданушылары арасында да жылы қабылданды. Көпшілік оның аман-есен туған жерге жеткеніне қуанып, пікірлерін жарыса жазды.
“Бірден Тұрсынбектің сторизін қарап кеттіппін ғой. Қызын қарсы алуға шықты ма деп”, “Жаным, көзіме жас келді”, “Қазақстанда оқи беріңдерші мына заманда” деп жазды желі қолданушылары.