Қазақстанда жүздеген мұғалім жалақысыз қалуы мүмкін
Жүздеген қазақстандық мұғалім жалақы мен қосымша ақысыз қалуы мүмкін деп сенатор Әли Бектаев мәлімдеді. Мұның бәрі ұлттық экономика министрліктері мен еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің бюджетке ақша салмағандығынан болып отыр.
Депутаттың айтуынша, республикалық бюджеттік комиссиясы бөлінген 350 миллиард теңгенің 317 миллиардын ғана қолдады, ал бұл қаражат 2022 жылға дейін есептелген.
«Бұл қаражат барлық қалалар мен облыстарда жеткіліксіз болады. Өкінішке қарай, ұлттық экономика министрлігінің жауабында жетіспейтін қаражатты республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер түрінде бөлуге болады делінген. Ал қаржы министрлігі жергілікті бюджеттерге сілтейді. Біздің жауапты мемлекеттік органдар әрқашан тиісті шараларды қолданбай бір-біріне сілтей береді. Сол арқылы халықтың наразылығын тудырады», — деді депутат Әли Бектаев.
Тек Түркістан облысында мұғалімдердің жалақысына қаражат тапшылығы 12 миллиард теңгені құрайды деді сенатор. Жергілікті әкімдік өз қазынасынан жеті миллиард бөлсе де, қалған бесеуі қолжетімді болмайды. Мұғалімдер зардап шекпеуі үшін Бектаев жетіспейтін ақшаны үкіметтің резервінен алуды ұсынады.
Астана арнасы