Қазақстанда вейптарды сатуға және тұтынуға тыйым салынады

0
98
Фото dela.ru сайтынан алынды

Қазақстанда вейп сатуға және шегуге тыйым салынады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов мәлім етті, деп жазады kznews.kz сайты.

«Қазақстанда вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салатын түзетулер енгізу туралы шешім қабылдадық. Темекі қоспасы, сұйықтық, газ – оларды Қазақстанда сатуға және пайдалануға толық тыйым салынады», — деді депутат.

Жамалов Қазақстанда қазір қыздырылатын темекіге (Айкос, Гло) ешқандай салық салынбайтынын түсіндірді.

«Ағзаға әсері, никотин мөлшері және басқа параметрлер бойынша бұл ДДСҰ тұжырымына сәйкес, қарапайым темекімен бірдей зиянды. Бүгін депутаттар бұл стиктерге акциз салу шешімін қабылдады. Оларға кәдімгі темекіге салынатын акциздердің 70%-ы мөлшерінде акциз енгізу ұйғарылды», — деді Мәжіліс депутаты.

Одан бөлек, Денсаулық сақтау туралы кодекске сұйық және газ түріндегі темекі қоспалары бар электрондық құрылғылар деп аталатын вейптарды сатуға және пайдалануға тыйым салу жөнінде түзету енгізілді.

«Түрлі иісті темекілерді Қазақстанда сатуға және тұтынуға толық тыйым салынады. Сондықтан бұл ұғымдар Салық кодексінен алынып тасталды», — деді ол.