Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда 20 жастағы курьерден 2,5 келі есірткі тәркіленді

Алматыда 20 жастағы курьерден 2,5 келі есірткі тәркіленді
Фото: ашық деркккөзден

Алматы қаласының Алатау ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде интернет-дүкеннің бір тармағының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Онда 20 жастағы жасырын жеткізуші жұмыс істеген. Жеке тінту барысында наркокурьерден 127 орам мефедрон және таратуға дайындалған 2 мың «экстази» таблеткасы, сондай-ақ тұрғылықты жерінен шамамен 1 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

Жалпы салмағы 2,5 келі, бұл тұтынушыға жетпеген 6 мың бір реттік дозаға тең. Төлем криптовалюта арқылы алынған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.