Қазақстан Украинаға әскер жібере ме? — Қорғаныс вице-министрі жауап берді

0

Қорғаныс Вице-министрі Сұлтан Камалетдинов журналистердің Қазақстан Украинаға бітімгершілік әскерлерін жібере ме деген сұрағына жауап берді.

Камалетдинов мұндай тәуекелдер жоқ деп жауап берді.

Біріншіден, бұл мемлекеттің қалауымен болатын нәрсе. Екіншіден, әскери контингенттің мемлекеттен тыс кез келген бағытын Парламент мақұлдайды. Егер парламент мақұлдаса, біз ештеңе дей алмаймыз. Біз Қорғаныс министрлігіне ғана жауап береміз», — деп түсіндірді вице-министр.